| ботакараев Бауыржан!!!! (no email) |
Ассаламу алейкум. Мен ХКТУ осы жылгы тулегімін. Мамандыгым - Дінтанушы.қызыл диплом. орыс тілі, қазақ тілі, түрік тілі, араб тілдерін білемін!!!! ҰҚК-не дінтанушылар ауадай қажет деп есептеймін. өйткені қазіргі кезде экстремистер, террористер күннен күн сайын саны артуда. Мен сіздерге қызметке орналассам бола ма? қай жерлерде бос орын бар екен!!!!!!! жауабыңызды асыға кутем.
Жауап
ҰҚК органдарына қызметке тұру мәселесімен тұрғылықты жеріңіздегі ҰҚК департаментіне барғаныңыз дұрыс болады. |
|
| 27.05.2010 05:05:12 |
|
| |
| maksat (no email) |
Оңтүстік Қазақстан облысы
Түркістан ауданы қала мектептерінің
асқанасының аспазшыларының
және ата – аналардың атынан
ЖАН АЙҚАЙЫ
Түркістан қаласының әлеуметтік жағдайы төмен жетім балдарға бөлінген ыстық тамақтың азық – түлігін өз нормасында беріліп жатқан жоқ. Себебі осыдан 1 (бір) жыл бұрын ЖШС сауда Түркістан бастығы Т.Әсілбековте істеген едік. Ол кісі жетім балдардың азық – түлігін өз нормасында жеткізіп турған еді. Енді қазір 2010 жылдың наурыз айынан бастап бұл сауда орны тендерге түсті. Сөйтіп, тендерде Таскүл және Үмбет деген депутаттар бізге 114 (бір жүз он төрт ) теңге 50 (елу ) тиынға қол қойдырып, қазір бізге 80 (сексен ) теңге көлемінде есептесіп отыр. «Жетімнің нанын жегенше, тамағынан ас өтпесін». Біз қазақ жетімін жылатпаған халықпыз дейміз. Халықтың сеніп отырған басшылары осы болса, бұхара қара халық не істей алсын. «Соқырдың өз бидайын, өзіне қуырып беру» деген осы емеспа.Сенген қойым сен болсаңның нағыз көкесі осы болды.
Жауап
Мақсат, техникалық себептермен арыздың мәтіні толық түспепті. Толық мәтінді press@knb.kz электронды адресіне жіберуіңізді сұраймыз. |
|
| 02.05.2010 09:05:25 |
|
| |
| aman25kz (no email) |
Саламатсыздарма. Менің есімім Аманкелді. Мені соңғы бірнеше жыл бойы бір сұрақ мазалайды. Өзім ішкі істер органдарында 1999 жылдан бері қызмет етемін.Офицермін. Осы, полиция қызметкерлеріне ҰҚК-не қызметке ауысуға мүмкіншілік барма ? Егер бар болса оның жолы қандай екен ? Рахмет.
Жауап
Сіз ішкі істер органдарында қызмет етіп жүріп, ҰҚК-не қызметке ауыса алмайсыз. ҰҚК органдарына қызметке орналасу мәселесі бойынша тұрғылықты жеріңіздегі ҰҚК департаментінің кадрлар бөлімшесінен сұрап білген дұрыс болады. |
|
| 21.04.2010 08:04:55 |
|
| |
| Иманбеков Толеш (asenai@mail.ru) |
Амансызба! Мен Иманбеков Толенді 11.12.2006 жылы машинамды Бекмағамбетова Гүлфарха Иманбаевна согып кетті. Соттын шешімі бойынша Бекмағамбетова маған 53 649 теңге төлеуі қажет! Бірақ осы уақыттқа дейін ақшасы тұрмақ озі жоҚ! Сіздерден көмек сұраймын!тел. 226 33 08
Жауап
Бұл мәселе ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшесінің құзыретіне жатады. |
|
| 18.04.2010 03:04:34 |
|
| |
| Мұратхан (no email) |
Ассаламу ғалейкум.Коледжді қызыл дипломға бітіріп,ҰҚК академиясына түсуге болады ма? Әуезов ауданында тұрамын.Құжат тапсыру мәселесін қайдан білуге болады? Мекен-жайын берсеңіздер. Рахмет.
Жауап
Тұрғылықты жеріңіз бойынша ҰҚК Департаментінің кадрлар бөлімімен хабарласыңыз. ҰҚК аумақтық органдарының мекенжайлары туралы мәліметті веб-сайтымыздан алыңыз. |
|
| 29.03.2010 03:03:54 |
|
| |
| Даулет (no email) |
Амансыздарма. Менің ҰҚК-нің Академиясына қалай оқуға түсіуіме болады? Мен Семей қаласынанмын, жоғарғы оқу орнының 3 курс студентімін. Қалай оқуға түсуіме кеңес берсеңіздер деймін. жауапсыз қалдырмауларыңызды өтінемін.
Жауап
Жоғары оқу орынында оқып жүріп ҰҚК Академиясына түсу мүмкіндігі жоқ. Алдымен, оқу орыныңызды аяқтау қажет. Анықтамалық сұрақтар бойынша тұрғылықты жеріңіз бойынша ҰҚК Департаментіне хабарласыңыз. |
|
| 28.03.2010 03:03:24 |
|
| |
| aiba (no email) |
САЛАМАЛИКУМ БАРША МҰСЫЛМАНДАР!!!МЕН ҰҚК-е ЖҰМЫСҚА ТҮСЕТІН БОЛСАМ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ОРЫС ТІЛІН БІЛУІМ КЕРЕКПЕ?ӨЗ ҚАЗАҚ ТІЛІМДІ БІЛЕМІН ТАЗА!!!ЖАУАПТАРЫҢЫЗДЫ АСЫҒА КҮТЕМІН
Жауап
ҚР ҰҚК органдарына жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы сауалдарыңызбен тұрғылықты жеріңіздегі ҰҚК департаментінің кадр бөлімшесіне резюмеңізбен баруға кеңес береміз. |
|
| 24.02.2010 09:02:46 |
|
| |
| Aidos (Adios_140@mail.ru) |
Мен 10 сыныпта окимын осы жылды экстернмен бітірсем, бірак бұл жылы емес келесі жылы ҰБТ тапсырсам ҰҚК түсе алам ба? және кандай документтер керек? Рахмет
Жауап
Егер ҰҚК органдарының оқу орындарына түскіңіз келсе (ҰҚК Академиясы, Әскери институты) қазірден бастап тұрғылықты жеріңіздегі ҰҚК департаментінің кадрлар бөлімшесімен хабарласуыңызға кеңес береміз. |
|
| 23.02.2010 01:02:48 |
|
| |
| Еламанов Жасулан (zhasik8719@mail.ru) |
салематсыздар ма! Мен жоғары оку орнын уздік дипломмен бітіргенмін. Мектепте "Дарынды балаларга арналган облыстык мектеп-интернаттын" техникалык білімдерді(математика,информатика) терендете оку сыныбын бітірдім. Озімнін ойымша аналитикалык-сараптамалык касиетім бар. Аскери борышымды отемегенм!н. С!зд!н комитетт!н Мангыстау облыстык департаментінде маган арналган жумыс жок па екен?
Жауап
ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің кадрлар бөлімшесімен хабарласып, резюмеңізді тапсыруды ұсынамыз. Мекенжайы: Ақтау қаласы, 24-шағын ауданы, 3-үй. |
|
| 10.02.2010 12:02:03 |
|
| |
| ҚР ҰҚК әскери қызметке, оқу орындарына түсу туралы сауалдарға (press@knb.kz) |
Электрондық поштаға (press@knb.kz) ҚР ҰҚК веб-сайтын қараушылардан түрлі сауалдар түсіп жатады, атап айтсақ, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына әскери қызметке, оқу орындарына (ҚР ҰҚК Академиясы және Әскери институты) түсу мүмкіндіктері туралы.
Осыған байланысты, веб-сайттың “Оқу орындары” айдарында орналасқан “Қазақстан Республикасы ҰҚК қызметке (жұмысқа) ресімдеудің ерекшеліктері туралы” мақаласына көңіл аударуларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ Сіздерді қызықтырған қосымша мәліметтерді тұрғылықты жеріңіздегі ҰҚК Департаменттерінен біле аласыздар.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
|
|
| 23.11.2009 11:11:44 |
|
| |